Келешекке жол - жаңғыру үрдісі
- Толығырақ
- Жарияланды 08.11.2019 03:57
- Автор: Super User
- Категория: Білім
- Қаралды: 8447
07.11.2019ж
Жетісу өңіріндегі байырғы білім ордаларының бірі – Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі (бұрынғы атауы Жаркент педагогикалық училищесі) өзінің тарихи мерейлі миссиясы-90 жылдық мерейтойын атап өтті.
Екі күнге созылған мерейлі шақтың алғашқы күні колледж ғимаратында «Келешек білімге барар жолдағы ізденіс, тәжірибе және перспектива» атты республикалық ғылыми конференция ұйымдастырылды.
Мерекенің екінші күні студенттер мен ұстаздар алыс-жақыннан келген құрметті қонақтарды гүл дестелерімен, күмбірлеген күймен, әуелеген әуенмен, бедерлі бимен қарсы алды. Бұдан соң қадірменді қонақтар коллежде 50 жылдан астам ұстаздық еткен Панфилов ауданының «Құрметті азаматы», марқұм Әбілмәжін Кенжебектің құрметіне арналған мемориалды тақтаның ашылу рәсіміне қатысты.
Бұл рәсімде колледждің бұрынғы директоры Борис Шин, оқу орнының алғашқы шәкірттерінің бірі, Қазақстанның Халық әртісі, көпке танымал актер Нұржұман Ықтымбаев пен марқұм Ә.Кенжебектің құдасы Болат Сахабуддин сөз сөйлеп, өздерінің жылы естеліктерін көпшілікке жеткізді.
Мерекелік шараға қатысушылар бұдан соң колледж фойесіне қойылған қол өнері көрмелері мен аудиторияларды аралап көрді. Бұл шырайлы шара аудандық Мәдениет үйінде жалғасты.