Жетісу облысында «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде

2023-03-01


Көктемдегі кезеңдегі ТЖ жоюға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесін дайындау, сондай-ақ су тасқыны қаупі жағдайында облыс тұрғындары мен аумақтарын қорғауды ұйымдастыру бойынша басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында 2023 жылғы 2-3 наурыз аралығында «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде.

 

Оқу-жаттығуларға азаматтық қорғау органдарының бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысады. Оқу-жаттығу шеңберінде қызметтердің өзара іс-қимылы және халықты хабардар ету мәселелері пысықталуда, ал негізгі күш су тасқынына қарсы практикалық іс-шараларды өткізуге бағытталған.

Азаматтардан түсіністікпен қарап, сіздің учаскелеріңізге іргелес жатқан арық желілері мен құбырлы өткелдерді тазарту арқылы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуды сұраймыз.

Жетісу облысы ТЖД баспасөзқызметі

 

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4163828