Адам құқығы - басты назарда

15.10.2021ж

       Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының талаптарына сәйкес, Қазақстан   Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі,

құқықтары мен бостандықтары. Конституцияның 12-бабымен көзделгендей, Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, прокуратураның басты міндеттерінің біріне адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жүктелген.

                Қазақстан Республикасы Президентінің 01.09.2020 жылғы халыққа жолдауында «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды», - деп көрсетілген және оны іске асыру құқық қорғау және сот жүйелеріне жүктелген.

                Және де, Президент: Қазақстанда өкілеттіктердің ара жігі нақты ажыратылған үш буынды модельді құру керек деп санайды. Полиция қылмысты анықтап, оған қатысы бар адамдарды тауып, айғақ жинап, оны тиянақтап беруге міндетті. Прокурор жиналған дәлелдемелерге тәуелсіз баға беруге, азаматтардың құқығын бұзуды болдырмауға, кінәсіз адамдардың қылмысқа тартылуына жол бермеуге, сотта айыптау жағын қолдауға міндетті. Сот органдардың әрекетіне қатысты шағымды қарайды және іс бойынша үкім шығарады.

                Қылмыстық істер бойынша 2021 жылдан бастап прокурорға адам құқығы мен бостандығына қатысты негізгі процессуалдық шешімдерді келісу міндетін заң арқылы жүктеген жөн, деп атап өтті.

                Бүгінгі күні, Президент жолдауындағы айқындалған бағыттарды жүзеге асыру үшін, шаралар қолданылуда.

                Адам құқығы мен бостандығына  қатысты негізгі процессуалдық шешімдерді келісу бойынша пилоттық жоба 2020 жылдың  1-ші қазаннан бастап, Республикамызыдың барлық аймақтарында жүзеге асырылуда.

Панфилов ауданының

прокуратурасы.

Күнтізбе

« Қазан 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2818679