САНАҚҚА дайындық қаРқынды

13.08.2021ж

Биылғы ҚР Ұлттық халық санағы Қазақстан Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №419 қаулысына сәйкес 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтеді. Оған ауданымызда қалалық және ауылдық округ әкімшіліктерінде ұлттық халық санағына қатысуға арналған бұрыштар ұйымдастырылған.

Яғни тұрғындарға өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында онлайн түрде қатысуға мүмкіндік жасалынбақ. Санитарлық талаптарға сай, «Ashyq» қосымшасы арқылы кіру міндеттелген. Қазіргі таңда маңызды іс-шараға дайындықтар жүргізілуде.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері үшінші рет өткізгелі отырған халық санағы бұл жолы екі әдіспен жүргізіледі: онлайн-санақ және дәстүрлі тұрғындардың үйлерін аралау арқылы. Онлайн түрде тұрғындар санақтан 1 қыркүйек - 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайты арқылы өте алады. Арнайы сайт арқылы санақтан өту үшін азаматтардың ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы) және ЖСН-ы (жеке сәйкестендіру нөмірі) болуы тиіс. Интернет арқылы тіркелген респонденттерді интервьюерлер екінші рет сауалнамадан өткізбейді. Айта кетсек, ұлттық халық санағының 1-кезеңінде қалада және ауылдарда санақ жүргізушілер тұрғын үйлер мен онда тұратын тұрғындардың санын нақтылау мақсатында әрбір елдімекенді аралап, аудандастыруға дайындықты қарқынды жүргізген болатын. Нақты есеп нәтижесі ұлттық халық санағының 2 кезеңінен соң мәлім болады. Ол 1 қыркүйек - 30 қазанға дейін созылады. Ал, 1-30 қазан аралығында санақ кезінде интервьюерлер үй-үйді аралап тұрғандардың мәліметтерін планшеттерге енгізеді.
Б.ҚАСЕНОВА,
аудандық статистика
басқармасының басшысы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4131551