Өңір тынысы
Пенжім ауылында Қос қуаныш
- Жарияланды 06.04.2023 05:56
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 137
2023-03-31
Наурыз айының 20-сы күні Пенжім ауылында биіктігі 21 метрлік ту туғырдың ашылу рәсімі болды. Тудың ұзындыгы 4 метр, ені 2 метр болатын ту тұғырды ауыл жастары өздері қаражат жинап, орнатты. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары мен жас кәсіпкерлердің қолдауы мен демеушілігінің арқасында ауыл мешітінің жанынан екі қабатты, 25 баланы оқытуға арналған сауат ашу мекемесі ашылды. Құны 50 миллион теңгеге жуық салынған оқыту орталығы толықтай жабдықталған. Осы орталықтың лентасын қию барысында “Ел үлесі-пәтерге” атты жоба аясында “Береке” мешітінің атсалысуымен Пенжім ауылының екі тұрғынына кілт тапсырылды. Ауылдағы жалғыз басты анаға ауылдың қайырымды азаматтары асар жасап баспана сыйлауы көпті қуантты. Үйлі болған екі отбасында да мүмкіндігі шектеулі балалары бар жанұя.
Ризашылық – мейірімділік бұлағы
- Жарияланды 06.04.2023 05:46
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 125
2023-03-31
Ағымдағы жылдың 18-і күні мен 22 наурыз күндері Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында Пенжім және Шолақай ауылдық округтерінде аппарат мамандарының және Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 150 мүмкіндіктері шектеулі балалармен ата-аналарға «Караван Сарай» және «Нұр» мейрамханасында «Жылы жүрек» қайырымдылық қорының демеушілігімен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мерекелік дастархан жайылып, мектеп ұжымының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламалар көрсетілді.
Толығырақ: Ризашылық – мейірімділік бұлағыНҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ
- Жарияланды 06.04.2023 05:44
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 133
2023-03.31
Күн мен түн теңеліп, Самарқанның көк тасын еріткен, дүрия дүние жаңғырып, барша тіршілік атаулы үшін жаңа өмірдің басталғанын айғақтайтын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз дүйім шығыс халқының кие тұтар ең ұлық мейрамы, жалпыхалықтық мереке.
Аудандағы инфрақұрылым нысандары бойынша мәлімет
- Жарияланды 06.04.2023 05:45
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 130
2023-03-31
Панфилов ауданы бойынша AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: барлығына лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында Жол картасының 84, 85 тармақтарына сәйкес, аудан бойынша құрылған жұмыс тобы мүшелері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымның бейімделуін тексеру мақсатында бірқатар мекемелерге Нұркент ауылындағы «Арай» балабақшасына, Садыр орта мектебіне, Е.Сыпатаев атындағы орта мектебіне мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Толығырақ: Аудандағы инфрақұрылым нысандары бойынша мәліметЕскелді ауданын газдандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде
- Жарияланды 05.04.2023 11:53
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 137
2023-04-05
Ескелді ауданын газдандыру жұмыстары барынша жүргізілуде. Өткен жылдың соңында 4 елді мекеннің 2115 абоненті газға қосылса, биылғы жылдың соңына дейін 6500-ден астам абонент көгілдір отынға қосылмақ. Осы салада жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Ескелді ауданының әкімі Елдос Ахметов Өңірлік коммуникациялар алаңында айтты.
Тағы мақалалар...
- Жетісу облысында балаларды 1-ші сыныпқа қабылдау басталды
- 5 сәуір күні Жетісу облысында ведомствоаралық «Бекет» әскери оқу-жаттығуының белсенді кезеңі өтеді
- Межведомственные военные учения «Бекет» - в области Жетісу пройдет активная фаза
- Жетісу облысында ведомствоаралық «Бекет» әскери оқу-жаттығуының белсенді кезеңі өтеді