Өңір тынысы

Ауданымызда да«Таза бейсенбі» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары жалғасып жатыр

2024-07-11


 

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында бүгін партияның аудандық филиалының белсенділері мен «Жастар рухы» Жастар қанатының еріктілері және Бастауыш партия ұйымдары аудандағы өзендердің жағасын тазалауға шықты.

Толығырақ: Ауданымызда да«Таза бейсенбі» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары жалғасып жатыр

Қазақстандықтардың МӘМС-ке төлеген ақшасы қайда сақталады?

2024-07-10


Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлеген жарналары мен аударымдары қайда сақталатыны және бағытталатыны қазақстандықтарды жиі қызықтырады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры оған толық жауап дайындады.
Барлық жарналар мен аударымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің арнайы шотына түседі, ал сол жерден халыққа көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу үшін медициналық ұйымдарға жіберіледі. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңда (21-бап) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры инвестициялық қызметті Қордың активтерін (МӘМС қаражатын) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асыратыны көрсетілген. Бұл ретте Қор мен Ұлттық Банк арасында сенімгерлік басқару шарты жасалды.
Ол қалай жасалады?

Толығырақ: Қазақстандықтардың МӘМС-ке төлеген ақшасы қайда сақталады?

«Alakol Fest – 2024»: Алакөл көлінің жанындағы керемет жазғы оқиға!

2024-07-10


20 шілдеде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылында көптен күткен ашық аспан астындағы «Alakol Fest – 2024» музыкалық фестивалі өтеді. Бұл іс-шара Алакөл көлінің жағасында демалуға және жазғы кештерден ләззат алуға ниет білдіргендердің барлығына ұмытылмас демалыс жасауға арналып отыр.

Толығырақ: «Alakol Fest – 2024»: Алакөл көлінің жанындағы керемет жазғы оқиға!

Шегірткеге қарсы күрес: Фитосанитариялық жағдай бақылауда

2024-07-10


 

 Ауыл шаруашылығы саласындағы ең өзекті, күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі – шегірткеге қарсы күрес жүргізу. Егіс алқабын жайпап жатқан бұл жәндік Жетісу облысын да айналып өтпеді. Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Саят Сақмолдин және республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы облыстық филиалының басшысы Бақберген Атантаев айтып берді.

Толығырақ: Шегірткеге қарсы күрес: Фитосанитариялық жағдай бақылауда

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АУРУХАНАЛАРЫ МЕН ЕМХАНАЛАРЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ НҰСҚАМАЛАРЫН ОРЫНДАДЫ

2024-07-09


 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті облыс ауруханалар мен емханаларының қызметінің мониторингін аяқтады. Мониторингтің мақсаты-олардың қызметінің бәсекелестік туралы заңнамаға сәйкестігін тексеру.

Облыс ауруханалар мен емханаларының жарғылық қызмет түрлері ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысының ережелеріне және Кәсіпкерлік кодекстің 192-бабының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Осыған байланысты Департамент жарғылық қызмет түрлерін монополияға қарсы заңнамаға сәйкес келтіру үшін бірқатар нұсқамалар шығарды.
Қазіргі уақытта барлық нұсқамалар орындалды, бұл әділ бәсекелестік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді және өңірдің денсаулық сақтау саласында монополиялық үстемдіктің алдын алады.
                    ***************
 

 

Күнтізбе

« Шілде 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4389069