КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

2024-02-28


Әйелдердің теңдігін олардың қоғамдық саяси және әлеумттік экономикалық өміріне араласуына бағыттау мақсатында партия филиалы жанынан «Әйелдер қанаты» құрылғанын баршаңыз білесіздер. Бүгінде белсенді жұмысын бастап кетті.

 

Осы орайда, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанынан құрылған әйелдер қанаты кеңесінің «Көшбасшы әйелдер: даму стратегиялары» тақырыбындағы стратегиялық сессия Панфилов аудандық филиалында өткізілді.

Жұмыстың басты бағыты – қыз-келіншектерді қоғамдық өмірге, саяси көшбасшылыққа тарту, олардың әлеуметтік-экономикалық белсенділігін арттыру.

Әйел бір қолымен бесік, екінші қолымен әлем тербетеді деген сөзбен толықтай келісуге болады. Нәзік жандылар, қоғамда ер адамдармен қатар жұмыс атқарып келеді. «Аманат» партиясы жанынан, жақында құрылған әйелдер қанаты негізгі 10 бағытта жұмыс істейді.

Өңірдегі белсенді әйедер қауымына даму стратегиялық сессиясын өткізген әйелдер қанатының кеңесшісі Гүлбарам Адамбаева әр бағытқа жеке тоқталып, жіті түсіндірді.

- Нәзік жандылар отбасының ырыс-берекесін сақтап өскелең ұрпаққа тәрбие берумен қатар қоғамның сан алуан саласында да белсенділік танытуда. Бұл орайда әйелдердің мәртебесін көтеріп, олардың белсенділігін арттыру партияның алға қойған мақсаттарының бірі - деді Гүлбарам Советқалиқызы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4156235