«Ұлттық мұра» партиялық жобасы өтті

2023-11-30


«AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Садыр ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен,  «Дана ене, дара келін, зерек бала» атты байқауы өтті. Мақсаты: отбасының ұйытқысы саналатын ене мен келіннің сыйластығын нығайту. Отбасы  құндылықтарын сақтай отырып, дана ененің  ақылымен дара келіннің алдында тәрбиеленген баланың зеректігін көрсету.

 

Сайыс барысында  ауылдың үлкен аналары келіндерімен, немерелерімен бірге  өнерлерін көрсетті.  Ұлттық салт дәстүр туралы сұрақ-жауапқа қатысып біліктілігін танытты. Сайысқа қатысқан отбасыларға алғысын білдірді.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4158585