Ұстаздар ізі - мәңгілік

2023-10-06


Ұстаз. Барша адамзат атаулы бас иетін қасиетті ұғым. Өмірге қанат қаққан әрбір жан оның алдында борышты. Білгіріміздің бірі айтқандай, кез келген жанның ұстаз болуы неғайбыл. Өз уақытын аямай өзгенің бақытын бағалай білген ұлы жүректі адам ғана ұстаздықты абыроймен алып жүрмек. Бүгінде еңбегі ел бағалаған ұстаздардың қатары жыл санап артып отыр.


    «Ұстазыңды әкеңдей сыйла» деген халық даналығы. Бұл жеткіншектерге білім, тәрбие берудегі мұғалімдердің  инемен құдық қазғандай еңбегінің қаншалықты салмақты екендігін көрсетсе керек. Сол себепті ұстаздар қауымына қанша марапат жасасақ та артық болмайтыны анық.
    Осынау ізгі жандардың кәсіби мерекесі биылғы жылдың 7 қазанында Талдықорғанда, 9 қазанда аудандық Мәдениет үйінде ерекше аталып өтпек.
    Осы мерейлі мереке қарсаңында жеткен жетістіктері де  аз емес. Мәселен 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың  ІІІ (облыстық) кезеңінде информатика пәні бойынша ІІІ орын иегері (Ә.Бөкейханұлы атындағы орта мектеп) Сейтбек Бердәулет марапатталса, Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы «Табиғатты аялайық» облыстық өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің байқауынан І орын алып, 80000 теңгелік сертификатын ұтып алды. Сонымен қатар осы жылы қыркүйек айында өткізілген облыстық «Үздік ауыл мектебі-2023» облыстық байқауында  Әулиеағаш орта мектебі ІІ  орын  -500000 теңгелік сертификатын, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі М.Бердіғұлова облыстық «Жетісу ұстазы» байқауында «Шығармашыл мұғалім» номинациясын, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп «Үздік сынып жетекшісі» облыстық байқауында   І орын алып, 1 000 000 теңге сертификатына ие болды. 2023 жылғы қаңтар айынан бергі жетістіктерді қорыта келе  аудандық білім бөлімі дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі үздік нәтижелері үшін Жетісу облысы  әкімдігінің «Олимп шыңына жетелеуші 2023» номинациясымен     және  1 000 000 миллион теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. «Оқушының жетістігі – мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануында» демекші, жаңашылдықты жатсынбай қызметінде пайдаланып, өнімді нәтижеге жетіп жүрген ұстаздарымыздың жемісті жеңісі ауданымыз үшін үлкен абырой.
    Бүгінгі таңда аудандық  білім бөліміне қарасты білім ошақтарында 3063 мұғалім еңбек етіп жүр. Алдағы уақытта білім ошақтарының  саны артып, онда еңбек ететін ұстаздардың да қатары молаймақ.
    Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды. Ұстаз–қай кезде де  мектептің жүрегі, қоғамның  тірегі.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында да ұстаздардың мәртебесіне  айрықша басымдық берілген.
    Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды.
    Нағыз мұғалім, міне, осы!
    Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында жүрген ұстаздар, қауымына мың алғыс!

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4157302