Президенттік жастар кадр резерві

2023-08-29


Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда.


    Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін  қабылданады.
    Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
    Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
    *Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
    *Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
    *Сыртқы саясат және инвестициялар;
    *Экономикалық және қаржылық саясат;
    *Цифрландыру;
    *Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
    Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
    -Құжаттарды қабылдау;
    -Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
    -Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
    -Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);
    - Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
    -Ұлттық комиссия отырысы.
    Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4158067