Кемел келешегіміздің кепілі Аудан әкімі Марат САҒЫМБЕКТІҢ Конституция күнімен құттықтауы

2023-08-30


    Ардақты ағайын!
     Құрметті жерлестер!      

 30 тамыз күні Қазақстан халқы тәуелсіз ел өміріндегі елеулі оқиға болып табылатын – Конституция күні   мерекесін  атап  өтеді. Бұдан 28 жыл бұрын Конституция  қабылдау жөніндегі бүкілхалықтық референдумда қазақстандықтар  еліміздің  жаңа  негізгі   Заңын қуаттап дауыс беріп, құқықтық, зайырлы, демократиялық және әлеуметтік мемлекет құруды  қолдаған тарихи заңдасуын жасаған болатын.


    Егемен еліміздің Ата Заңы елімізде болып жатқан өркенді өзгерістер мен жағымды жаңалықтардың негізіне айналды, республикада тұрып, тату – тәтті ғұмыр кешіп жатқан ұлттар мен ұлыстардың болашаққа деген үміті мен сенімін арттырып отыр.
     Көп ұлтты жазиралы Жаркент өңірінің тұрғындары да саяси  мәні зор Конституцияны жыл сайын қуанышпен қарсы алуды жақсы дәстүрге айналдырған. Негізгі Ата Заңымызды қолдап, қуаттау арқылы облысымыз бен ауданымыздың экономикасын,  әлеуметтік және   мәдени  дамуын қалыптастыруда, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды тереңдетуде ұйытқы болып келеді.
    Құрметті аудан тұрғындары!
    Сіздерді жарқын мереке – Конституция күнімен   құттықтай    отырып, ғибратты ғұмыр,  мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, өзара түсіністік  пен келісімділік және еліміздің көркейіп, гүлденер жолындағы еңбектеріңізге  жеміс тілеймін!

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4157723