өңіріміздің айшықты тірлігімен танысты

20.08.2021ж

Биыл  облысымызда  жалпы  95  мың  гектардан  астам жерге  жүгері  өсіріліпті. Соның  26  мың гектардан  астамы соңғы  алпыс  жыл  ауқымында  жүгеріні  жетекші  дақыл  ретінде  баптап  келген  жазиралы  Жаркент  өңірінің  егіншілерінің  еншісінде. Бұл  өңірде  «дала  аруын»  баптаудың  тәжірибесі  де,  технологиясы  да  бай.

 

Сондықтан болар соңғы жылдары егін жинау науқаны басталатын сәтте облыс жүгерішілерінің басым бөлігі Жаркент өңіріне жиналып, «Егінжай күнін» атап өтіп, мерекесі мен берекесін ұштастырып алқалы кеңес құрады. Сол дәстүр биыл да жалғасын тапты.
Өткен дүйсенбіде жазиралы Жаркент өңіріне жиналған облыс егіншілері аймақтық семинар-кеңес өткізді. Бұл жолы тіпті Жамбыл, Түркістан сынды жүгері өсіріп жүрген облыстардың ауыл шаруашылық мамандары да Жаркент өңірінде өтетін жиынға арнайы келіпті.
Негізінен жүгері өндірісімен шұғылданатын Панфилов, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле және Ескелді аудандарының жүгерішілері мен ауыл шаруашылық мамандары, ғалымдар бас қосқан алқалы жиын аудандағы Панфилов мемлекеттік сорт сынау мекемесінде ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына Алматы облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Куимчан Омаров, ҚҒЗИ жүгері тұқымын зерттеу кафедрасының меңгерушісі Айман Омарова, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Шухрат Құрбанов тағы басқа жауапты тұлғалар қатысты. Кеңеске қатысушыларға «Ернар» ЖШҚ-ның жетекшісі Тасқын Жапарқұл алдымен көрмеге қойылған техникаларды таныстырып, ол аймақ жүгерішілерінің жыл санап егістік көлемін ұлғайтуымен қатар, жаңа технологияларды қолдану арқылы гектар өнімділігін жоғарылата бастаған жетістіктерінің қыры мен сырын тілге тиек етті.

Күнтізбе

« Шілде 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2635123