БАР ЖАҚСЫЛЫҚ ЖЕТКІНШЕККЕ

27.05.2021ж

Жаз мезгілінің алғашқы айының бірінші күні елімізде - Халықаралық Балаларды қорғау күні ретінде белгіленген. Бүлдіршіндерді шаттыққа кенелтетін атаулы күнді өткізу туралы шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған болатын. Ал Халықаралық Балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы атап өткізілді.


Бұл күн - балалардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес. Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.
Құрметті ауданымыздың тәтті балақайлары! Сіздерді Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын!
(Өз тілшіміз).

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4158580