Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы

20.05.2021ж

Мамыр айының 17 жұлдызында аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінде аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары, комиссия отырысының төрайымы Р.Мағрупова ашып, жүргізді.


Күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Бірінші қаралған мәселе бойынша балаларды қорғау күніне байланысты сақтық шараларын, яғни ойын алаңдарындағы қауіпсіздікті сақтау үшін мектеп оқушылары мен ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында мектеп директорларына тапсырма берілді.
Мұнан соң шомылуға арналған орталықтардағы сақтық шаралары туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Серік Шабеков хабарлама жасады. Сондай-ақ Панфилов ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мақсат Ыбыраймолдаев экстремистік көріністердің алдын алу, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті жетілдіру, толеранттылықты қалыптастыру мақсатында өзінің атқарылған жұмыстарына шолу жасады.
Жиын соңында кәмелетке толмағандардың арасындағы суицидті болдырмаудың жолдары туралы Алматы облысы білім басқармасы Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері М.Көшіғұлова хабарлама оқыды және кәмелет жасына толмағандарды қараусыз қалдырмау керектігін сөз етті.
Комиссия отырысында қаралған барлық мәселелер бойынша комиссия мүшелеріне тапсырмалар берілді.
Сымбат Әбдіреш.

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4168290