ОТТЫ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ МӘҢГІ ЕСТЕ

06.05.2021ж

Құрметті соғыс және тыл ардагерлері! Қымбатты жерлестер!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Жеңіс - аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Баршамыз үшін бұл күннің орны да, орайы да бөлек.


Ұлы Отан соғысы - сол кезеңдегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, мемлекет тарихында мәңгілік сақталатын айтулы күн. Бұл біздің халқымыздың, ардагер аталарымыз бен тыл еңбеккерлерінің биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасіретті соғыс.
Жеңіс жолында миллиондаған адам жанын құрбан етті. Жауынгерлер от пен оқтың арасында туған жердің бір түйір топырағы үшін, бір сүйем жері үшін қасық қаны қалғанша күресті. Біз Ұлы Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына және тылда ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ата-апаларымызға бас иіп, әрқашан тағзым етеміз.
Бейбіт өмір үшін, ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі жадымыздан ешқашан да өшпек емес.
Бейбітшілікті сүйген тәуелсіз еліміздің айбынын асқақтатып, абыройын арттыра түсетін салтанатты, мерекелі, қуанышты күндер көп болсын!
Құрметті ардагерлер!
Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, бақытты да берекелі ғұмыр тілеймін.
Жеңіс күні құтты болсын!

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4167849