Береке басы - бірлікте

30.04.2021ж

Ардақты ағайын!  Құрметті жерлестер!  Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бірлік –ынтымақ пен жарасымды татулықтың айшықты көрінісі әрі егеменді ел болудың бірден-бір алғышарты. Егемендігімізді алған алғашқы күндерден-ақ елімізде «Бірлік, татулық, ынтымақ, достық» басты құндылық болып қалыптасқан.

        Аталмыш мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының берекесі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің ең басты негізі, рухани дамуымыздың жарқын бір көрінісі болып табылады. Жыл сайын көктеммен бірге көңіл көтеретін мерейлі мереке ауданымыздағы түрлі ұлттардың тілін, салт-дәстүрін және мәдениетін асқақтатып, жүрегімізге жыр, жанарымызға нұр сыйлайды.
      Баянды бірлік, қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық - біздің басты байлығымыз әрі ортақ мүддеміз. Бұл жетістікті бағалауға, оны сақтау жолында аянбай еңбек етуге әрқайсымыз міндеттіміз. Бүгінгі күні еліміз үшін қиын-қыстау уақытта барлығымыз жұдырықтай жұмылып, қиындықты бірге жеңейік, ағайын!
      Қымбатты жерлестер!
      Берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың мерейлі мерекесі құтты болсын! Шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Қазақстан халқының бірлігі арта берсін!

Т.Өмірәлиев,

аудан әкімі.

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4165103