Бикен Ырымқызы Римованың туылғанына 100 жыл

2023-02-08


Диханқайрат ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Қазақ КСР- інің халық әртісі мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бикен Ырымқызы Римованың туылғанына 100 жыл толуына орай " Халқының сағынышына айналған" тақырыбында оқушылар арасында танымдық сағат өткізілді.

 

Мақсаты: оқушыларға Бикен Ырымқызы Римованың өнегелі өмір жолын, өнерін насихаттай отырып, Отанға елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Бикен Ырымқызы Римова 1923жылы 1қаңтарда Алматы облысы Қаратал ауданы Қанабек ауылында дүниеге келген. Бикен Римова театрды бала кезінен ұнатқан, драмалық үйірмелерге қатысып жүлделі орындарға ие болған. 1943жылы Алматы театр училищесін бітіреді. 1941жылы Қазақ Мемлекеттік М. Әуезов атындағы Академиялық драма театрына жұмысқа қабылданып, өмірінің соңына дейін театрда қызымет атқарады. Театрдағы рөлдері көбінесе әйел образын ашуға оның болмысын көрсетуге бағытталған. Театр сахнасында: Ғабит Мүсіреповтың "Ақан Сері- Ақтоқты" трагедиясында Мәрзия, Әлжапар Әбішев, "Достық пен махаббат", "Күншілдік" Сәуле, Әбділда Тәжібаев "Жалғыз ағаш орман емес" Фариданы және тағы басқа да рөлдерді сомдаған. Бикен Римова есімі Талдықорғанның қазақ драма театрына 2000жылы берілді.
--

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4142432