«Өркен» спорт мектебінде 800 жеткіншек жаттығады

03.06.2021ж

1983 жылы іргетасы қаланған «Өркен» спорт мектебінде  37 жаттықтырушы еңбек етеді. Олардың 7-і жоғары дәрежелі, 2- I дәрежелі, 17-II санаттағы бапкерлер.  Тағы екеуі ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.  

 

Білікті мамандардың қол астында жаттығатын  бала саны  800-ден асады. Салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ, аталған мекемеде спорттың 10 түрімен шұғылданады.

         Мектепте спорттық гимнастика, ауыр атлетика, бокс, дзюдо, грек-рим күресімен шұғылдануға арналған арнайы залдар жасақталған. Сондай-ақ, ұзындығы 25 метр болатын 6 жолаққа бөлінген бассейн де жұмыс жасайды. Жаттығудан кейін,  ретке келу үшін барлық залдарда себезгі қондырғылары және массаж, дәрігерлік бақылау кабинеті бар.

«Залдар тегістей спорттық жабдықтармен, құрал-саймандармен жабдықталған және спорт залдарына кварц шамдары орнатылған, бұл оқу процесіне спорттың сан алуан түрі бойынша оқу бағдарламаларын игеруге мүмкіндік береді», - дейді ««Өркен» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры  Рамиль Мұратов.

Осы жылдар ішінде мектеп спорттық базаны нығайтуда және спортшыларды даярлауда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген.  Мектеп ашылғаннан бері 14-спорт шебері, 80-спорт шеберіне үміткер, 46 - І спорттық разрядты және 500-ден астам бұқаралық разрядты спортшы дайындалды. 2019-2020 оқу жылы әр түрлі дәрежедегі жарыстарда 30 алтын, 36 күміс және 44 қола медальді қанжығаларына байлаған. 

 

Күнтізбе

« Шілде 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2639665