Дрон жарысы: Жетісуда коптердің үздік ұшқыштары бақ сынасты

10.11.2020ж

Қазақстанда алғаш рет «JETISÝ Эрон дрон» республикалық дрон жарысы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 25 команда қатысты, деп хабарлайды «JETISÝ Media».

 Жарысты ұйымдастыруды қолға алған Алматы облысының "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалау орталығы. Ал жобаның басты мақсаты Жетісудың киелі жерлерін насихаттау арқылы ішкі туризмді дамытуға жәрдемдесу мен жастардың ақпараттық және цифрлық  технологиялар саласындағы шеберлігін шыңдау, цифрлық сауаттылығын арттыру әрі Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістіктегі имиджін қалыптастыру.

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 2017 жылдан бері «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы атқарылды. Жоба аясында Алматы облысында арнайы комиссия ұйымдастырылып, тізімге түспеген 500-ге жуық қасиетті нысанды анықтады. Соның 50-ден астамы республикалық комиссияның талқысанан өтіп, Қазақстандағы жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар нысандарға енді. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Дегенмен, осы қасиетті нысандарды туризмнің көзіне айналдыру бүгінгі күннің тақырыбына шықты. Сондықтан Жетісу жерінің киелі жерлерін ел ішінде және шет мемлекеттерде насихаттау арқылы ішкі туризімнің дамуына қолдау көрсету басты бағытқа айналуы керек. Сондықтан құлтемір техникасы мен пилотсыз ұшу аппараттарын меңгеруді дәріптеу, тәжірибе алмасу мен жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау арқылы олардың кәсіби деңгейін арттыру.

«Дрон-рейсингті дамыту Қазақстан үшін қадам. Осындай деңгейдегі жарыстарды көпшілік күтті. Бірнеше жылдан бері коптерлер жарысын жүргізіп келе жатқан басқа елдердің тәжірибесі бойынша, қазір бұл өте маңызды және қажет деп айта аламын. Біздің материалдарымыздың негізінде жастар робот жасау, қол моторикасын пысықтайтын болады. Сондай-ақ ағылшын тілін үйрену. Бұл тек алғашқы жарыс болғанына қарамастан, барлығы тиісті деңгейде өтті. Қазақстан мұнымен тоқтап қалмай, дрон - рейсинг дәстүрге еніп, тұрақты түрде өткізгенін қалаймыз», - дейді жарыстың жеңімпазы  Ярослав Бартули.

Айта кетейік, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жоба еліміздің тарихи-мәдени және символикалық киелі негіздеріне сүйенеді. Себебі, туризм саласын дамыту халықтың киелі жерлерге деген қызығушылығын  арттыруға септігін тигізеді.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4132110