Жауынгерлік өнер. Өрендер жарап тұр

05.12.2019ж

«Jetisu Media» алаңында «Джиу-джитсу спорт түрінен  2019 жылғы жарыстар қортындысы» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті.

 2019 жылы  20-27 сәуір күндер аралығында (ОАЭ) Абу-Даби қ. ересектер арасында «АСВ» ережесі бойынша  джиу-джитсу спорт түрінен әлем чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 70 мемлекет қатысты. Қазақстан құрама командасынан 16 спортшы қатысып  2 алтын, 2 күміс,4 қола медальмен оралды. 69 келі салмақ дәрежесінде Дамир Садыров  төрт кездесу өткізіп, төртінші ақтық белдесуде американдық  палуанға қылқындыру әдісін  жасап, таза жеңіске жеткен. Айта кетерлігі, Дамир Садыров бүгінгі таңда кәсіби деңгейдегі төреші.         

Ағымдағы жылдың  қараша айының  14-24 күндері  аралығында Абу-Даби қаласында ересектер арасында «файтинг» ережесі бойынша  джиу-джитсу спорт  түрінен әлем чемпионаты өтті.

Жарысқа 74 мемлекеттен, 1500 спортшы қатысқан. Қазақстан құрама командасынан 33 спортшы ел намысын қорғаса,  оның ішінде 10 спортшы жеңіс тұғырынан көрініп, қанжығаларына қос-қостан медаль салып елге оралды.

Байрақты бәсекеде  Елдос Қабденов 56 келі салмақ дәрежесінде күресіп, бірінші кездесуде Франциялық палуанды 12-19 есебімен ұтып, екінші айналымда Ирандық палуанды айқын басымдықпен тізе бүктірсе, ақтық белдесуде өзіміздің Қазақ палуанымен шығып 13-18 ұпайымен  ұтып жеңімпаз атанған.Сонымен қатар, жастар арасында Асқар Харкиевте топты жарып алтыннан алқа таққан.

         Алматы облысының 14 спортшысы ұлттық құрамаға мүше болып отыр. Ал, 20 шақты жас буын болса, халықаралық дәрежедегі жарыстардың жүлдегерлері болған жайы бар. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында Джиу-джитсу спорт түрінен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Нұржан Кенжеұлы айтты.

Алдағы уақытта сайдың тасындай іріктелген, сайып қырандарымызды тартысты дода күтіп тұр. Атап айтатын болсақ, Сауд Арабияда азия чемпионаты, Абу-Даби қаласында әлем чемпионаты, Шымкент қаласында ел чемпионаты өтеді деп күтілуде.

Бапкерлердің сөзіне сенсек, алда болатын сайыстарда жігіттер жеңіс туын желбіретпек.

 

 

         

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4153040