Қызылша. ЖРВИ. Ковид. Жетісу облысындағы эпидемиологиялық жағдай қандай?

2024-02-13


Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталды. Облыстың бас санитарлық дәрігері Асхат Чарапиев осылай деп мәлімдеді. Егер өткен жылдың желтоқсан айында сырқаттанушылық 218 жағдай болса, биылғы жылы қаңтар айында 156-ға дейін төмендеді.   

 

Сырқаттанушылық облыстың барлық аудандарында тіркелді. Алайда, жоғары деңгейі Талдықорған қаласы мен Алакөл және Панфилов ауданында. Спикер атап өткендей, қызылшаның ең тиімді алдын алу жолы – вакцинация, арнайы емі жоқ.
2023-2024 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-нің 118111 жағдайы тіркелді. ЖРВИ, қызылша және ковид вирустық инфекциялар болып табылатындықтан, қоғамдық орындарда маска кию ұсынылады деп атап өтті спикер.  
«Ауру әлі де жалғасуда. Біз қазір тұмау мен жедел вирустық инфекциялардың эпидемиологиялық маусымындамыз. Қазір бұл Астана мен Алматы сияқты ірі қалаларда коронавирустық инфекциялардың тіркелуінің шамалы өсуімен тұспа-тұс келіп тұр. Осы 3 инфекция қатар жүріп жатқандықтан, 8 ақпанда ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің медициналық маскаларды қолдану туралы №2 Қаулысы шықты. Мұнда медициналық ұйымдарда пациенттер мен келушілер маска киюі тиіс. Сонымен қатар адам көп шоғырланған жерлерде бетперде кию ұсынылады.
Шектеу шаралары туралы айтатын болсақ, кейбір адамдар алаңдаушылық танытып жатыр, алайда, бізде шектеу шаралары қойылмаған. Біздің облыста коронавирустық инфекция бойынша жағдай ешқандай қауіп төндірмейді. Биыл бізде 2 жағдай, ал өткен жылы қаңтарда 47 жағдай тіркелді», - деп атап өтті Асхат Чарапиев.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4156651