ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА 10 АЙ ІШІНДЕ МӘМС АЯСЫНДА ШАМАМЕН 4,5 МЛН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРДЫ

2023-11-27


Қазір МӘМС қаражаты есебінен адамдар бұрын тек ақылы түрде қолжетімді болатын медициналық қызметтерді ала алады. 2023 жылдың 10 айында Жетісу облысы бойынша салалық мамандардың 4,5 млн кеңесі мен диагностикалық тексерулер, соның ішінде қымбат тексерулер – КТ, МРТ көрсетілді.


«Үш жыл бұрын мұндай қымбат диагностика азаматтардың жекелеген санаттарына ғана тегін көрсетілді және оны ұсынатын медициналық ұйымдар санаулы болды. Ал қазіргі таңда жеке меншік клиникалар заманауи жабдықтарға, сервистік бөлікке инвестициялар сала отырып, медициналық қызметтер тізбесін белсенді түрде кеңейтуде», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Иван Самойленко.
Биыл өңірде жоғары технологиялық көмек көрсету көлемі де артқан. Атап айтсақ, облыс бойынша осы жылдың 10 айында 366 қымбат операциялар жасалды. 
Осылайша, МӘМС жүйесі медициналық қызметтердің кең тізбегін алуға барынша қолайлы жағдайлар жасауда. Енді медициналық көмекті тікелей ұйымдастыру, клиникалар ішіндегі табысты менеджмент, пациенттерді дұрыс бағыттау сынды сұрақтар бірінші орынға шықты.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4154547