Чек – ап: Скрининг адам өмірін сақтап қалуы мүмкін!

2023-10-18


Скринингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша Талдықорған қаласының 52 жастағы тұрғынынан сүт безі қатерлі ісігі анықталды.


Скрининг-бұл әртүрлі аурулардың ерте белгілерін анықтау үшін халықты жүйелі түрде тексеру әдісі. Бұл тәсіл көптеген ауруларды ерте диагностикалау және сәтті емдеу үшін өте маңызды, соның ішінде қатерлі ісік, гипертония, қант диабеті, және басқа да қауіпті сырқаттар бар. Медициналық скрининг аурудың алдын алуда және өлімді азайтуда маңызды рөл атқарады.
Талдықорған қаласының 52 жастағы әйел өзінің жеке тәжірибесінде скринингтік зерттеулердің маңыздылығын бағалай отырып осылай дейді:
«Мен бұрын жыл сайынғы профилактикалық тексерулерге көп көңіл бөлген емеспін. Ал осы жылы мен жасыма байланысты тәуекел тобына кіретіндіктен учаскелік медбике скринингке шақырды. Мен өз емханама келдім, қажетті тексерулерден өттім. Менде денсаулыққа қатысты шағымдар болған жоқ, бірақ талдау нәтижелері бойынша 1 дәрежедегі сүт безі қатерлі ісігі анықталды. Бұл мен үшін үлкен соққы болды. Өйткені, өз денсаулығымда ешқандай өзгерісті сезбедім. Содан кейін дәрігерлер мені барлық қажетті талдауларға, зерттеулерге жіберді және портал арқылы Алматы қаласының онкологиялық ауруханасында ота жасады. Медициналық сақтандыру аясында барлығы тегін, өйткені сақтандырылғанмын. МӘМС үшін аударымдар мен жарналарды жұмыс беруші жүргізеді. Бүгінгі таңда өзімді жақсы сезінемін, жұмысымды жалғастырудамын. Үнемі дәрігер қарауындамын. Осылайша, скринингтің арқасына дәрігерлер осындай ауыр дерттің алдын алды».
9 ай ішінде өңірде 260 мыңға жуық тұрғын скринингтік тексеруден өтті. Ал 18 000-ға жуық пациентте тексеріс нәтижелері бойынша әртүрлі аурулар анықталды.
ТМККК мен МӘМС-тің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі медициналық скрининг жүргізу болып табылады. Көбінесе артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, асқазан-ішек жолдарының аурулары, бүйректің созылмалы аурулары сияқты сырқаттар анықталады. Қатерлі ісік құрылымында бірінші кезекте сүт безі қатерлі ісігі, екінші орында жатыр мойны обыры, үшінші орында асқазан обыры.
«Кез-келген ауруды емдеуден гөрі алдын-алу оңай. Скринингтер дәл осы мақсатта жүргізіледі. Денсаулықтың негізгі проблемалары көбінесе стандартты жоспарлы зерттеу барысында күтпеген жағдайға айналады. Кейде профилактикалық тексерулер адамдардың өмірін сақтап қалады», - дейді Жетісу облысы бойынша ӘМСҚ филиалы директорының орынбасары Ғаниет Салимғали.
Бүгінгі таңда аймақ тұрғындары әртүрлі жасқа арналған скринингтердің 8 түрінен өте алады.
«Скрининг ауруды ерте кезеңде немесе оған бейімділікті анықтауға, оңтайлы емдеуді таңдауға және алдын алу шараларының кешенін тағайындауға көмектеседі. Әрине, біз барлық пациенттерге скринингтен өтуге кеңес береміз. Алайда, ерекше қауіп тобында созылмалы аурулары бар адамдар, белгілі бір ауруларға тұқым қуалайтын бейімділігі бар адамдар, темекі шегетін адамдар, денсаулыққа зиянды жұмыс орындарында жұмыс істейтін, қатты күйзеліске ұшыраған адамдарға, сондай-ақ психологиялық және физикалық жүктемелерге тап болған азаматтарға, көптеген жылдар бойы дәрігерлерде болмаған және стандартты маңызды зерттеулерден өтпеген адамдарға скринигтен өту маңызды»,- дейді Талдықорған қалалық емханасы директорының орынбасары Айна Тілеуқанова.
Ең бастысы, скринингтік зерттеулер емдеуді ерте бастауға мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн, бұл әдетте аурудың кеш кезеңдерінде емдеуге қарағанда тиімдірек.
Азаматтар мәртебесін келесі қосымшалар арқылы тексере алады:
• Qoldau 24/7   мобильді қосымшасы
• fms.kz ресми сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot 
• 1414 байланыс орталығы
• Damumed мобильді қосымшасы.
•Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары – Kaspi.kz, Halyk, Bcc.kz.
• Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде
«Сақтандырылған» мәртебеңіз бола тұра, емханада медициналық көмекке жүгіну кезінде қиындықтар туындаса бірден пациенттерді қолдау қызметіне (әрбір емханада бар) немесе Қордың ресми байланыс арналары арқылы өтініш қалдыра аласыз: колл-орталық 1414, Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы, Қор филиалы + 7 7282 55 90 06, 55 90 07, 55 90 13.
Егер сіз жұмыссыз болсаңыз және МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, Жұмыспен қамту орталығына барып жұмыссыз ретінде тіркеле аласыз.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4154273