Жетісу облысында балалар арасындағы маусымдық ауруларға байланысты сөз қозғалды

2023-09-27


Қазіргі таңда Жетісу облысында менингит ауруына он адам шалдыққан болса, оның сегізі жасөспірімдер. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист-дәрігерлері Айжан Айтжанова мен Махинұр Злавдинова жас жеткіншектер арасындағы маусымдық ауруларға байланысты сөз қаузады. 


Брифинг барысында ақ халатты абзал жандар уақытқа сәйкес сансыз індеттің берілу түрлерін, себептерін, клиникалық белгілері мен ауруды болдырмау жолдарын ашып айтты. 
«Адамдардың тығыз орналасуы, тазалық сақтамауы, ауруды тарататын ошақтардың жақын болуы инфекция көзін оятады. Балалардағы маусымдық дерттердің негізгі себептері - витамин  тапшылығы, иммунитеттің төмендеуі, вирустық инфекциялардың алдын-алу әдістерін сақтамау. Баланы маусымдық аурулардан қорғау мәселесіне жауапкершілікпен қарауымыз керек. Жұқтыру қаупін азайтып, суық тию жүретін күз және қыс мезгілінде иммунитетті сақтау керек», - Айжан Какалықызы. 
Вирустар мен бактериялар қоздыратын аталмыш аурудың басты белгілеріне дене қызуының жоғарылауы, қатты бас ауру сезімі, бірнеше мәрте қайталап жүрек айнуы жатады. Осы сезімдер байқалса бірден дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.
«Тұмау және ЖРВИ ауруының жеңіл дәрежесінде адам дене температурасы 38°С-қа дейін жоғарылайды, бас ауруы байқалып  тамыр соққысы бәсеңдейді, тыныс алу жиілігі 24 тен азаяды.  Орташа дәрежеде дене температурасы 40° С-қа дейін көтеріліп, қатты бас ауруы сезіледі, тамыр соққысы минутына 90-120 соққыға дейін жетіп тыныс алу жиілігі минутына 24-тен көбейеді.
Жоғары дәрежеде температура 40° С-тан асып қатты бас ауыруы, сонымен қатар дененің ауырсынуы мен ұйқысыздық байқалады, сандырақтау, жүрек айнуы мен құсуы артады.
Аурудың  алғашқы  белгілері байқалған сәтте баланың денесін жылы суға  малынған  майлықпен бірнеше мәрте сүртіп тұру қажет», - деп тұмау және ЖРВИ ауруының критерийлерін инфекционист-дәрігер Махинұр Мұратжанқызы тізді.

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4165788