Болашаққа қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы

2023-07-7


«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Жетісу облысының әкімдігі «AMANAT» партиясының «Өзгеру жолы: барлығына лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін әзірленген Жол картасының және Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспарын және «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында, 2023 жылы ауданымыздың емдеу мекемелеріне, олар Пенжім ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан (Нұркент) дәрігерлік амбулаториясы 6500,0 мың.теңге мен Көктал ауылында орналасқан оңалту бөліміндегі ғимараттарға 6500,0 мың.теңге «Объектіге қолжетімділік қағидаларына» сәйкес  алты аймақ бойынша «Кіре беріс, «Қозғалыс жолдары», «Қызмет көрсетілетін аймақ» «Санитарлық –тұрмыстық орынжайлар», «Визуалды ақпарат», «Авотұрақ» мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жабдықтар мен құралдарды орнату үшін, 13 млн теңге қаражат бөлінді.

 

Бүгінгі күнде, аурухана мемлекеттік сатып алу порталы арқылы, баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша хабарлама жарияланып, жеңімпаздар анықталды.  

Жұмыстарды орындау мерзімі шарт жасалған күннен бастап 30 күнтізбелік күн.

Мұндай инфрақұрылымдар мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана емес, қарттарға, аяғы ауыр әйелдерге, уақытша мүгедектерге (мысалы, аяғы сынғандар, жарақат алғандар) және кішкентай балалары бар ата-аналарға да арналған.

 

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4167339