ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды
- Жарияланды 03.07.2024 06:26
- Автор: Super User
- Категория: басты бет
- Қаралды: 127
2024-07-03
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы алу үшін, жыл сайын өтетін конкурсқа өтінім қабылдау басталды. Конкурстың мақсаты – ҮЕҰ әлеуетін нығайтуға және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру үшін, олардың мотивациясын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қолдау көрсету.
Құрметті Панфилов ауданының тұрғындары!
- Жарияланды 17.06.2024 09:05
- Автор: Super User
- Категория: басты бет
- Қаралды: 191
2024-06-17
Салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша қаулылардың орындалуын бақылауды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың маусым айының 18, 19, 20 күндері аралығында Панфилов ауданының аумағында Борышкер жедел іс-шарасы өткізіледі. Іс-шара өткізу кезінде Панфилов ауданының ПБ қызметкерлері құрамында мобильді топтар құралып, жергілікті әкімшілік және сот орындаушылары қатысады.
Толығырақ: Құрметті Панфилов ауданының тұрғындары!ҰҚК Шекара қызметі азаматтарды әскери қызметке шақырады
- Жарияланды 07.06.2024 04:38
- Автор: Super User
- Категория: басты бет
- Қаралды: 719
2024-06-07
Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне әскери қызметке шақыру туралы баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің кадр бөлімінің бастығы Асқар Талғатов пен кадр бөлімінің консультанты Әсет Базарбеков түсіндірді.
Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауының ЕРЕЖЕСІ
- Жарияланды 11.06.2024 06:31
- Автор: Super User
- Категория: басты бет
- Қаралды: 762
2024-06-11
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауы – облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдерінің арасында өтетін дәстүрлі байқау. Байқауды ұйымдастырушы – Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – ҚДБ).
1.2. «Құлагер» байқауы Жетісу облысының дамуын ақпараттық қолдауға бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара.
1.3. Байқауға Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелерін жазатын, көрсететін аймақтық газеттердің, телерадиокомпаниялардың редакциялары, шығармашылық бірлестіктер мен ақпараттық агенттіктер, штаттағы немесе штаттан тыс авторлар қатысады.
Толығырақ: Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауының ЕРЕЖЕСІ«Ұлы дала жорығы 2024» марафон-бәйгесі өз мәресіне жетті. Биылғы аламан Павлодар облысынан бастау алып, елордада аяқталады.
- Жарияланды 23.05.2024 12:46
- Автор: Super User
- Категория: басты бет
- Қаралды: 290
2024-05-23
«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде еліміздің 18 аймағынан келген 90-ға жуық шабандоз бақ сынады. Әр өңірдің іріктеуінен іркілмей өткен үздіктер Павлодар облысынан Астана қаласына дейінгі 500 шақырымдық жолды 5 күнде шауып өтті. Былтырғы жорықтың жеңімпаздары атанған жетісулық шабандоздар осы жолы да көш бастап ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫНЫҢ жеңімпаздары атанды.