Жолдауға қолдау
Жасы жүзден асқан Ақсу ауданындағы жалғыз Ұлы Отан Соғысы ардагері Гаврил Степанович Моисеев, өз таңдауын жасап, дауыс берді
- Жарияланды 19.03.2023 12:09
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 131
2023-03-19
Бүгін ел ертеңі үшін маңызды күн. Халықтың сайлауға қатысу белсенділігі жақсы. Жасы жүзден асқан Ақсу ауданындағы жалғыз Ұлы Отан Соғысы ардагері Гаврил Степанович Моисеев, өз таңдауын жасап, дауыс берді.
Ғасыр жасаған қария ел үшін маңызды істен шет қалмады. Қапал ауылының тұрғынының үйіне арнайы құрылған комиссия мүшелері барды. Гаврил Степанович тұрғылықты мекен жайы бойынша үйінен дауыс берді.
«Сайлау бұл ел үшін аса маңызды шара. Елдің болашағы үшін әрбір қазақстандық сайлауда өз дауысын беруге міндетті. Бұл ел ертеңіне деген сенімімізді нығайтады.»,-дейді ҰОС ардагері Гаврил Моисеев.
Естеріңізге саламыз Ақсу ауданында 44 сайлау учаскесі жұмысын жалғастыруда.
Джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері өз таңдауын жасады
- Жарияланды 19.03.2023 11:28
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 140
2023-03-19
Джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Үкілай Ахметуәлиқызы бүгін медальдарын мойнына тағып, ерекше сән-салтанатпен тұрғылықты мекенжайы бойынша Текелі қаласындағы №441 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
«Мен қазір Текелі қаласындағы Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде джиу-джитсудан жаттықтырушы болып жұмыс істеймін. Жасым 22-де. Сайлауға қатысып, дауыс беруді азаматтық міндетім деп санаймын. Спортшылар қауымы да еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Сайлауға қатысу менің теңізге тамшыдай болса да қосқан үлесім. Жаңарған, дамыған, әділетті Қазақстанда өмір сүргіміз келсе, бәріміз жұмыла үлес қосқанымыз дұрыс», – деді Үкілай.
Толығырақ: Джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері өз таңдауын жасадыЖетісуда Дала аруы атанған әжей дауыс берді
- Жарияланды 19.03.2023 03:17
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 138
2023-03-19
Облыс тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысып жатыр
Талдықорғандық жас отбасылар дауыс берді
- Жарияланды 19.03.2023 11:17
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 133
2023-03-19
Эковолонтер, облыс әкімінің Көшбасшы- Үздік жас саясаткер номинантының иегері, әрі қаламыздың жас белсенді азаматы Ғазиз Аманжол 418 учаскеде отбасымен келіп, дауыс берді.
Отасқанына 1 жыл толған отбасы саяси шараларда әрдайым белсенді. Кезектен тыс өткен Президент сайлау мен референдум барысында да өз азаматтық парыздарын орындаған белсенді отбасы.
Толығырақ: Талдықорғандық жас отбасылар дауыс бердіЖетісулықтар 538 кандидаттан үздіктерді анықтайды
- Жарияланды 19.03.2023 02:59
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 129
2023-03-19