Жолдауға қолдау

Ынтымағы зор елдің ырысы мол

2023-06-16


Бірлік – мәңгілік және бөлінбейтін, ынтымағы мен берекесін бірге ұстаған еліміздегі ең биік ұғым, сан ғасырлар бойғы дана халқымыздың бойына сіңген асыл қасиеті. Бабаларымыз ынтымақ пен татулықты, ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік мақсат етіп қойған. Еліміз басынан қиын-қыстау заман кешіп, қуғын-сүргінге ұшырап, тағдырдың қатал сынынан өтті. Беріден қайырғанның өзінде, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар¬дағы Жоңғар шапқыншылығы, Ресей империясының езгісі мен кешегі Кеңес өкіметі заманындағы зобалаң аштықты басынан кешіріп, Сталин зобалаңына ұшырап, саяси қуғын-сүргіннің де құрбаны болған халық. Алайда, қаншама таңдары қиындықпен атса да, жаны қиналса да, басқадан кек алу мақсатында қылышын қайрамаған, тағдырдың ауыртпалығына қайсар¬лық танытқан халық. Өткенге бой ұсынбай, келешекті аңсап ел бірлігі мен молшылығын бата тілегіне қосып ұрпағына аманат ретінде қалдырып отырған халық. «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік» демекші, ел басына күн туған замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі десек, артық айтпағанымыз болар. Достық пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық. Еліміздің 32 жыл ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, биіктерден көрінуі,атап айтсақ, Орта Азия мемлекеттерінің ішіндегі өзіндік орны бар мемлекетке айналғанымыз, Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің өзі, ел бірлігінің, халық ынтымағының арқасында осындай биіктерге жетіп отыр деп ойлаймыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.

Толығырақ: Ынтымағы зор елдің ырысы мол

Біздің халық жақсы өмір сүруге лайық

2023-06-02


 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жариялаған үндеуінде техникалық мамандықтарды игеру мақсатында халықаралық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу қажеттілігі жөнінде айтылғанда ерекше қуандым. Үкіметке бес филиалдың екеуін еліміздің өнеркәсіптік өңірі – батыс аймақтан ұйымдастыру жұмысы тапсырылды. Мемлекет басшысының техникалық мамандықтарға басымдық беріп отырғанын дұрыс деп есептеймін. Өйткені инженерлер мен өнеркәсіппен айналысушылардың жаңа буынын өсіру елімізге өте қажет екені белгілі. Сонда тапшы мамандарды сырттан алдырмаймыз. Оның үстіне өзіміз даярлап шығарған мамандар туған топырақта еңбек етуге мүмкіндік алады.

Толығырақ: Біздің халық жақсы өмір сүруге лайық

Жаңа қадамды бастау

2023-05-05


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы мәлімдеп, саяси дода 19 наурызда өткізілді. Бұл Президент ұсынған реформалардың заңды жалғасы десек, қателеспейміз. Өйткені бұған дейін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сенат пен Мәжілістің қызметі қайта қарастырылды. Елдің дамуы үшін қажетті бірқатар өзекті конститутциялық заң қабылданды. Президент сайлауын 7 жыл деп белгілеу секілді жаңашылдық енгізілді. Енді Мәжіліс пен Мәслихат депутаттарын сайлау реформалар бастамасын табысты жалғастыруға  тиіс. Осы орайда Мемлекет басшысы енді Үкімет халықтың мұң мұқтажын ойлап, әлеуметтік мәселелердің түйінін шешуге ерекше басымдық беру керек екенін аңғартты. Соның ішінде Қазақстан бойынша халық наразылығының басталуына түрткі болған басты мәселе – елдегі қымбатшылық, бағаның тұрақсыздығы, стратегиялық маңызы бар тауарлар мен өнімдер бағасының тым шарықтап кетуі. Осыған орай жаңа құраммен жасақталатын Үкіметке макроэкономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру, инфляцияны тежеу және әлеуметтік мәселелерді шешуді қатаң тапсырды.

Толығырақ: Жаңа қадамды бастау

Тың бастамалар қолдау көреді

2023-05-17


 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары халық игілігіне бағытталған. Биылғы жолдаулар, саяси саладағы өзгерістер, Үкіметке жүктелген тапсырмалар – бәрі де халық үніне құлақ асатын, елге қызмет көрсетуші мемлекет орнықтыру міндетінен туындап отыр. Қаңтар қасіреті кезіндегі тәртіпсіздіктер де елге түбегейлі реформа қажет екенін аңғартты. Содан да болар, биыл Қазақстанның саяси аренасында «үлкен сілкініс» болды десек, артық айтқандық емес. Мұның бәрі халықтың мемлекетке деген сенімін арттыру мақсатында жасалып жатқан қадам екені сөзсіз.

Толығырақ: Тың бастамалар қолдау көреді

Политический курс Казахстана

2023-04-06


 С момента избрания Глава государства последовательно осуществляет поэтапную политическую модернизацию Казахстана на пути построения открытого и справедливого общества.

Толығырақ: Политический курс Казахстана

Күнтізбе

« Қыркүйек 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3670211