ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Елбасымыздың кезекті Жолдауынан кейін егемен еліміздің жарқын болашағына деген сеніміміз бен жаңашылдыққа деген ұмтылысымыз одан ары арта түскендей. Тәуелсіз ел болғалы бері жас мемлекетіміз даму сатысының баспалдақтарынан кезең-кезеңімен көтеріліп келеді. Талай қиындықтарда болғаны жасырын емес.

Дегенмен де, Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында сенімімізге селкеу түспей, талай қиыншылықтарды да өткен күндер легіне қалдырдық. Бүгінде экономикамыз тұрақты даму жолына түсіп, халықтың тұрмыс сапасы жақсарған. Еліміз алпауыт әлем елдерімен теңдесерлік дәрежеге жетті. Бұл талай жылдарғы қажырлы еңбектің нәтижесі.

 

                Жақында ғана Елбасы Жолдауы жарық көрді. Жолдауда экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекетіміздегі атқарылып жатқан жұмыстарға сараптама жасалып, алдағы уақытта орындалар міндеттеріміз нақтыланды. Атап айтқанда, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған негізгі алты басымдық айтылды.

                 Мемлекет басшысы экономика, білім, ғылым, ауылшаруашылығы, құрылыс, медицина сынды салалардың дамып, жандануын ерекше назарға алды. Сонымен қатар, ел экономикасына елеулі үлес қосатын бағдарламалардың уақытының ұзартылуы табыс пен тұрмыстың жандануына өз септігін тигізетіндігі анық. «Адам еңбекқор болып, өз кәсібін меңгергенде ғана лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады»,-деген Елбасымыз барлық еңбек етемін деген азаматтарға өте үлкен мүмкіндік жасалып жатқандығын айтып өтті. Шындығында, ел халқына мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек өте көп. Әсіресе, жастардың терең білім алып, кәсіп  игеруіне, қолжетімді қаражат арқылы тұрғын үйге қол жеткізуге ықпал ететін қаншама бағдарламалар іске асырылып, нәтижесін беруде. Жалпы жеке адам мен мемлекет арасында күш біріксе, берік еңбек қоғамы құрылатындығы айқын.

                Елбасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру керектігін тапсырды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналатындығын атап өтті. Бұл өз кезегінде әрбір қазақстандыққа қуаныш сыйлап, жаңаша серпін берді.

               

Г.Қуатова,

аудан  әкімі аппаратының

 бас маманы.