Халық қалаулыларымен кездесті

 Қазан айының 19-ы күні Қазақстан      Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты Зағипа Балиева ауданымызға келген болатын. Халық қалаулысы сол күні Көктал ауылдық Мәдениет үйіндегі кітапханада ауданымыздағы барша кітапханашылармен кездесу өткізді.

  Кездесуді аудан әкімі Темірлан Бектасов ашып, жүргізіп  отырды.

 Қазақстан  Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты З.Балиева Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың қазан айында Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы туралы баяндай келіп, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жөнінде әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысу керектігі жөнінде айтты. Онда халық табысының өсуі, сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатындығы, тұрмыс сапасын арттыру, сот жүйесін одан әрі жаңғырту, тағы басқа Жолдауда   айтылған мәселелерге   тоқталды.

      Кездесу барысында балалар кітапханасының меңгерушісі Г.Ибраимова, аудандық кітапхана қызметкері Н.Антиповалар сөз алып, халық қалаулысына шынайы ризашылығын білдірді.

       Бұл күні  З.Балиева  Әулиеағаш, Алтынкөл стансаларын  аралап  көрді. 

Күнтізбе

« Маусым 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3434164