Жастарды жігерлендірген Жолдау

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты дәстүрлі Жолдауында алдағы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Бұл дегеніміз Мемлекет басшысының жастарға үлкен сенім артуы. «Әр Қазақстан азаматы реформалардың мәнісін, Отанымызды өркендету жолында олардың маңызды екенін түсіну керек. Ал мұны жеткізу біздің міндетіміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын бәрі қолдады. Оған қосымша «Бес әлеуметтік бастаманы көтердік, - деген Елбасы жастар мен отбасы институтын қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс екендігін ескертті.


Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат дүние. Жолдауда жоғары оқу орындарына мамандық алып шыққан жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, елімізге қызмет ету мәселесі қоғамның даму тенденсиясын анықтайтын фактор екендігіне зор мағына берілген. Жолдауда еліміздегі әр азаматқа, оның бүгінгі тұрмысы мен болашағына қатысты жәйттар егжей – тегжей көзделген.
Осы жаңашылдық заманында мемлекетімізді алдыңғы қатарлы көштен қалдырмай, алға тарту, жастардың алдында тұрған мақсат. Елбасымыз айтқандай, әрқайсымыз бірігіп жұмыс жасасақ, алға қойған мақсаттарға тез жетеміз. Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін жұмыла жұмыс жасауымыз қажет. Ендеше, жастарды білімге, ізденіске, еңбекқорлыққа шақырамын.
М. Сағымбек,
аудандық Әділет басқармасының басшысы, Қазақстанның Заңгерлер одағының мүшесі.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3670194