Жастарға артылар сенім зор
- Толығырақ
- Жарияланды 17.10.2018 10:42
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1364
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын Панфилов ауданының жастары ыстық ықыласпен қарсы алды. Ең бастысы – қазан Жолдауында Елбасының «2019 жыл – Жастары жылы» деп жариялауды ұсынғаны жастарға үлкен қуаныш сыйлағанымен ерекше әсермен жеткізгім келеді.
Елдің келешегі, тәуелсіздік тұтқасын ары қарай ұстайтын, Елбасының ауқымды стратегиялық межелерін, мақсаттарын іске асыратын да жастар екені даусыз. Сондықтан да Елбасы қашан да жастардың мәселесіне ерекше назар аударып, әрбір Жолдауында жастарға үлкен ықылас танытады.
Бүгінгі таңда жылдам дамып, сәт сайын өзгеріп отырған қоғамда қордаланып қалған, күрмеуі қиын мәселелер көп. Сонымен қатар, жастардың алдына да қойылып отырған мақсат-міндеттер аз емес. Аудандық кәсіподақ комитеті жанынан құрылған жастар кеңесі осы үдедеден шығамыз деген сенімдеміз.
Б.Шеризат,
аудандық кәсіподақ комитеті
жанындағы жастар кеңесінің төрайымы.