Елбасы Жолдауына – халықтың қолдауы

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жыл сайынғы дәстүрлі  Жолдауы  жақсы  дәстүрге  айналды. Биылғы Жолдауда халыққа деген қамқорлық халқымыздың әл-ауқатын арттыру, жастарға деген сенім мен жаңғырту үрдістеріне тың серпін мәселесі айтылды.

    Жолдауда  Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі,  табыс  пен тұрмыс сапасын арттыру мәселесін көтерді. Елбасы елімізде жаңғырту жөніндегі бағдарламалық бастамалар жасалғанына тоқталды. Жаңғырту бағыттарының жүзеге асырылуы - табысты дамудың негізгі  факторы.

 Қазақ елінің стратегиялық мақсаты 2050 жылға қарай әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылу. Ол  Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Елімізде жаңғырудың бағыттары бойынша жұмыс жүргізілуде.

 Жолдаудың  басты мақсаты: еліміздің орнықты дамуы мен халқымыздың өмір сүру деңгейін арттыру.  Ол қазақстандықтардың әл-ауқаты ең алдымен табыстарының тұрақты өсуі мен жұмыс сапасына байланысты.   Елбасымыз  Үкіметке басты 10 міндет бойынша жұмыс істеуді мәлімдеді.   Зейнетақы  мен мұғалімдердің жалақысы еселеп өсетінін айтты. Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы  алуға немесе  жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады.

  Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз.  Елбасымыз Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды.

   Бұл барлық сала бойынша меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбек ақысын тікелей қамтиды.

Білім саласы мен педагог мәртебесін арттыруға бюджеттік мекемелерде істейтін қызметкерлердің еңбекақысы 35 пайызға өседі. Осы мақсатта 2019-2021 жылдары республикалық бюджеттен 96 миллиард теңге бөлінеді деді Президент.

Мемлекет басшысы Үкіметке 2019 жылы елдегі ең төменгі жалақы мөлшерін көбейтуді жүктеді. Сонымен бірге Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда келесі жылы педагог мәртебесі туралы заң жобасын дайындауды тапсырды.

 Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта 35 пайызға өседі. Ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика аумағындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады.

 Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы еліміз қолдап отыр.

 Екіншіден, бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек. Дәл осы бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі     табыспен қамтамасыз  етіледі.

 Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты -  өмір сүру деңгейін арттыру. Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты.

     Бүгінде біз тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасы табысты іске асырылуда. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігінің арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынды.

     Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара  субсидиялау мәселесін пысықтауды жүктеді. Мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру біліктілігі жоғары педагогтар, медицина қызметкерлері, полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қол жетімділігін арттырады.

    Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет.

   Қазақстанның табысты жаңғыруын қамтамасыз ету үшін бастамашыл белсенді сыртқы саясатты одан әрі жүзеге асыру қажет.

    Біздің  бейбітсүйгіш бағытымыз бен осы саладағы нақты айқындалған қағидаттарымыз өзін-өзі толық  ақтап отыр.

   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін беруде. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау  мемлекеттік саясаттың басымдығына  айналуға  тиіс.

    Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасы  қалыптасуда.

   2019 жылды Елбасымыз  «Жастар  жылы» деп жариялауды ұсынды.

    Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс.

    Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін, мәнісін олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды жүзеге асыру үшін, қоғамның  ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.

                                       С.Темірбаева,

                                   аудандық 

 Аналар кеңесінің 

төрайымы.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3669983