ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

Тұңғыш  Президентіміздің  биылғы Жолдауы еліміздің жарқын болашағына бағытталған кешенді жоспар. Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру секілді өзекті мәселелер қамтылды.

     Елбасымыздың кезекті Жолдауын, ондағы медицина саласын, әсіресе ауылдық жерлердегі ауыл дәрігерлеріне жасалған зор мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған тың идеяларды тыңдап, қуанып қалдым. Өйткені медицина саласына жасалған кешенді өзгерістер мен дәрігерлер беделін арттыру – ұлттың негізгі байлығы денсаулығының жақсаруына жасалған зор мүмкіндік деп білемін.

    «Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады»,-деген  Елбасы ең алдымен ауылдық жерлердегі медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге шақырды. Сонымен қатар осы саладағы қызметкерлерді ынталандыру мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырды. Бұл мақсаттарды орындау негізінде келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінетін болады.

     Осыдан біраз жыл бұрын басталған медицина  саласын   цифрландыру    жұмысы   әлі де  жалғасын таппақ. Тіпті алдымыздағы жылдың алғашқы айынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар бірыңғай цифрлық нұсқаға көшуі керектігін де Елбасы назардан тыс қалдырмады. Елбасы атап өткен бұл мүмкіндіктер тұрғындардың денсаулығына бей-жәй қарамауларына, ең бастысы медициналық қызмет көрсету сапасының артуына септігін тигізбек. Бұл аталған міндеттердің барлығы дерлік медицина саласына тың серпін беретіндігіне сенімім мол.

     Президентіміз осы Жолдауда медицина саласынан бөлек басқа да салаларды дамыту, сол арқылы халықты жұмыспен қамту, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту негізінде қаншама ұтымды ұсыныстар айтып, келешекте атқарылатын нақты міндеттерді белгілеп берді. Бұрынғы үлкен стратегиялармен, оңды бастамалардың ары қарайғы жалғасы болатын кезекті  Жолдауға барша қазақстандықтар ыстық ықыласпен қарап, қолдау  көрсетіп, мемлекет дамуы үшін бірге жұмыс  атқарады  деген  сенім  білдіремін.

Төлеу   САРПЕКОВ,

Алматы облыстық мәслихатының депутаты,

ШЖҚ  «Панфилов  аудандық  орталық  ауруханасы»

 МКК-ң  директоры.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3670143