Жүйелі жолдау – ел игілігінде
- Толығырақ
- Жарияланды 05.04.2018 10:23
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1686
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талдау барысында Головацкий ауылдық кітапханасында «Жігерлі жолдау – ел игілігінде» атты дөңгелек үстел өтті.
Кездесуді кітапханашы М.Рамазанова жүргізіп, Жолдаудың 10 міндеттін атап оқып берді. Кездесудің мақсатын айта келе, сөз кезегі округ әкімі Советхан Таубалдыұлына берілді. Ол Елбасының халыққа Жолдауының бағытын айта келе,соның ішіндегі бірінші және екінші бөліміне тоқталып өтті. «Бірінші – қазақстандық индустрия жаңа технологияларды енгізуде флагман бола білуі керек. Біз өнеркәсіпке өндіріс процестерін цифрландыру мен заманауи бизнес-модельдерді игеру арқылы еңбек өндірісінің деңгейін көтеруге тиіспіз.
Екінші – ресурстық әлеуетті қолдану тиімділігін барынша жақсарту керек. Сонымен бірге энергияны үнемдеуге және өндірістің экологиясының жақсаруына мүмкіндік береді» деп айтып өтті. Ал, мәслихат депутаты Жандос Жатқанбайұлы Жолдаудың жетінші бөліміне тоқталды.
Аудандық «Жаркент өңірі» газетіне шыққан Жолдауды таныстырып, «Жаңа тарих жолында» атты кітап көрмеге шолу жасалды. Жиналған мекеме басшылары өз ойларын ортаға салып,алдағы уақытта кітапханада жеке жоспар жасалып,тақырыптық папкалар жасалынатынын айтты.
Маржан рамазанова.