Біздің халық жақсы өмір сүруге лайық
- Толығырақ
- Жарияланды 02.06.2023 10:07
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 96
2023-06-02
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жариялаған үндеуінде техникалық мамандықтарды игеру мақсатында халықаралық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу қажеттілігі жөнінде айтылғанда ерекше қуандым. Үкіметке бес филиалдың екеуін еліміздің өнеркәсіптік өңірі – батыс аймақтан ұйымдастыру жұмысы тапсырылды. Мемлекет басшысының техникалық мамандықтарға басымдық беріп отырғанын дұрыс деп есептеймін. Өйткені инженерлер мен өнеркәсіппен айналысушылардың жаңа буынын өсіру елімізге өте қажет екені белгілі. Сонда тапшы мамандарды сырттан алдырмаймыз. Оның үстіне өзіміз даярлап шығарған мамандар туған топырақта еңбек етуге мүмкіндік алады.
Бұдан бөлек, үндеуде өз кәсібін ашуға ниеттенгендерге бөлінетін грант көлемі 400 АЕК-ке дейін өсетіні, жастарға жаңа жұмыс орындары ашылатыны және бюджет қызметкерлерінің жалақысы көбейетіні ескерілді. Сонымен бірге Президент қоғамда көпшіліктің ренішін тудырған әйгілі LRT жобасы туралы оңтайлы шешім қабылдап, оны қолданысқа енгізу мүмкіндігін қарастыратын отандық және шетелдік архитекторларды шақыруға, нақты іске кірісуді бұйырды. Ең бастысы, ұлттық қауіпсіздік жүйесі толық өзгеретініне сенім туды.
Үндеудің ерекше атап өтер тағы бір тұсы – ауыл шаруашылығына назар аударылғанында дер едім. Себебі ауыл шаруашылығы қолдауды көп қажет ететін сала. Сондықтан оның мәселесі мемлекеттік экономика жүйесінде қарастырылуға тиіс. Ауыл шаруашылығының мән-жайы жалпы экономиканың барлық салаларына тікелей және жанама ықпал етеді әрі Қазақстан азаматтарының тұрақты, қауіпсіздікте өмір сүруіне жағдай жасайды.
Үштөбе қаласының ардагері Ж.Әкімбайұлы