«Күміс жас» 50-ден басталады
- Толығырақ
- Жарияланды 07.02.2023 05:11
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 94
2023-02-03
Бізде зейнет жасына жақындап қалған, яғни 60 жастан асқан жандарды қолдау және оларды еңбекпен қамтуды мақсат еткен «Күміс жас» жобасы бар. Биылдан бастап бұл жобада тың өзгеріс бар. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігі мәлімдеді.
«Бұған дейін «Күміс жас» жобасы 60 жастан асқандарға қарастырылып келді. Биылдан бастап 50 жасқа дейін төмендетілді. Осылайша жобаға қатысушылар аясы кеңейтілді. Жалпы, жұмыссыздардың дені–үйде бала күтімімен отырып қалғандар немесе түрлі себептермен еңбек етуге мүмкіндігі болмағандар. «Күміс жас» жобасының мақсаты –зейнет жасына жақындап қалған жұмыссыз азаматтарды қолдау. Біз оларға жеке көмекші, әлеуметтік қызметкер, атаулы әлеуметтік көмек бойынша немесе еңбекпен қамту орталықтарында консультант болуды ұсынамыз. Демек, әлеуметтік сала бойынша жұмысқа орналастырамыз», - деді Тамара Дүйсенова ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Министрдің сөзінше, ендігі уақытта «Күміс жас» жобасы аясында 50-ден асқан жандарға білім және денсаулық саласы бойынша бос жұмыс орындары ұсынылмақ.