21.10.2021ж
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы анық байқалатын әлеуметтік-экономиканың бағыттың басымдылығымен ерекшеленеді.
Мені Президенттің қазіргі уақытта біздің елде сын көтермейтін жағдайдағы инфляцияға үкіметтің бей-жай қарауын сынға алғаны қатты таңғалдырды. Билік басындағылар осы мәселені шешуде бүкіл әлемге ортақ «тренд», «тенденция» деп, қолда бар тетіктерді реттеу құралдарын пайдаланбай отырғаны белгілі. Менің жеке ойым, айтылған сын халықтың кірісін сақтап қалу мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған сияқты.
2018 жылдан бері көтерілмеген ең төменгі жалақы мөлшерін көтеруге байланысты өте маңызды бастаманы айтпай кетуге болмайды. 2022 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны көбейту жоспарланып отыр. Бұл мөлшер халықтың басқа кірістеріне жанама әсер етеді.
Д.Александр.