Әлеумет пен экономикаға басымдық берді

21.10.2021ж

       Ел   Президенті   Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы анық байқалатын әлеуметтік-экономиканың бағыттың басымдылығымен ерекшеленеді.

 

      Мені Президенттің қазіргі уақытта біздің елде сын көтермейтін жағдайдағы инфляцияға үкіметтің бей-жай қарауын сынға алғаны қатты таңғалдырды. Билік басындағылар осы мәселені шешуде бүкіл әлемге ортақ «тренд», «тенденция» деп, қолда бар тетіктерді реттеу құралдарын пайдаланбай отырғаны белгілі. Менің жеке ойым, айтылған сын халықтың кірісін сақтап қалу мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған сияқты.

      2018 жылдан бері көтерілмеген  ең  төменгі жалақы мөлшерін көтеруге байланысты   өте     маңызды    бастаманы айтпай кетуге болмайды. 2022 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны  көбейту    жоспарланып отыр. Бұл мөлшер халықтың басқа кірістеріне жанама әсер етеді.

                Д.Александр.

Күнтізбе

« Шілде 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2635212