Біздің пікір

01.09.2021ж

Мемлекет болу жолында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Барлық бастамамыз кедергілерді еңсеріп, барлық алдымызда тұрған қиындықтарды жеңіп келеміз.

Мұндай істелген істің бәрі өсіп келе жатқан жастарымызға үлкен көмек екені белгілі. Еліміздегі пандемияға қарамастан бағдарымызды берік ұстанып келеміз. Бұл жыл ішінде 70 мың жұмыс орындары ашылды. 

 Біздің мақсатымыз әлемдік экономикадағы орнымызды дамыту екені бәрімізге белгілі. Пандемия кезінде мемлекет азаматтарына, кәсіпкерлерге көмек көрсетілді. Президентіміз еліміздегі жем-шөп мәселелеріне де тоқталып, ветеринарияның қызметі қазіргі заманға сай болу керектігін атап айтты. Ауыл шаруашылығының басты мақсаты ел азаматтарын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы дамыған жерлерді шетелдіктерге сату, жалға беруге тиым салынды.

            Сондай-ақ, короновирус еліміз үшін үлкен сынақ болды. Осы таңда вакцина ойлап тапқан саналы мемлекет екеніміз белгілі. Біздің елімізден шыққан вакцинаға сұраныс өте жоғары. Сондай-ақ. еліміздегі барлық азаматтарымыз вакцина алса бұл аурудың ауласынан шығатымыз белгілі екендігін атап өтті.

Еліміз үшін ғылым мен білім саласы кезек күттірмес жұмыс екені белгілі. Осы сала арқылы біз көптеген алдымызда тұрған міндеттерді еңсеретіндігімізге сенімім зор.

Сымбат ӘБДІРЕШ,

аудандық «Жаркент өңірі» газетінің тілшісі.

Күнтізбе

« Наурыз 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3274396