Басты міндет - әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты сақтау

06.08.2021ж

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу» деп Жолдау жүктейтін маңызды міндеттерді атап айтқан болатын.

Иә, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, экономиканы дамыту — еліміз үшін маңызды міндеттердің бірі. Ел экономикасы дамыған кезде ғана халықтың табысы артып, әлеуметтік жағдайлары жақсарады. Бұл үшін елімізде бірқатар жобалар жүзеге асып, мемлекет тарапынан біршама қолдаулар болып келеді.
Бұдан бөлек, Жолдау жүктеген маңызды міндеттердің бірі — қолжетімді әрі сапалы білім. Президентіміз бұл жайлы Жолдауда: «Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек» деген болатын.
Иә, бүгінде елімізде білімнің салтанат құруына барынша жағдай жасалуда. Елімізде карантиндік жүйеге қарамастан, оқушылар мен студенттер барынша қолжетімді әрі сапалы білімді алуда. Көптеген мектептерде бір жылдың ішінде қаншама компьютерлер мен жаңа талапқа сай оқу құралдары жеткізілді. Қаншама ауылды жерлерде ғаламтор желісі қосылып, балалардың білім алуына бар жағдай жасалып жатыр. Міне, осының барлығы балалардың сапалы білім алуы үшін жасалып жатқан іс-әрекеттер. Өз кезегінде оқушылар да халқымызды жарқын жетістіктерімен қуанта береді деп сенеміз.
Б.Серікқызы

Күнтізбе

« Шілде 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2631705