Жолдау талаптары талқыланды
- Толығырақ
- Жарияланды 05.10.2020 04:49
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1064
02.10.2020ж
Жуырда Алматы 1 станциясындағы желілік полиция басқармасында басқарма басшылары және жеке құрамның қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы талқыланған жиын өтті.
Жиында Алматы 1 станциясы желілік полиция басқармасы бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Дәулетбек Дәрібаев сөз алып, Жолдау мақсаттары жайлы басқарма жеке құрамына толыққанды жеткізді.
Д.Дәрібаев Жолдау Қазақстанның жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес мәселесі, індетке қарсы күрес жағдайындағы басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халық табысын сақтап қалу мәселелеріне бағытталғандығын атап өтті. «Жолдауда Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің халықпен дұрыс байланыста болуына, ел бірлігі және азаматтардың құқықтары мен олардың қауіпсіздігін арттыруға аса назар аудару керектігін айтып өтті. Сонымен қатар, құқық қорғау жүйесін реформалауда ішкі істер министрлігін қосалқы функциялардан босату арқылы полиция қызметінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күресте құқық үстемдігін қамтамасыз ету мен құқық қорғау қызметін ізгілендіру мақсаты анық қойылған» деп сөзін қорытындылады.
Алматы-1 станциясы ЖПБ жеке құрамы Президент Жолдауы жайлы өз пікірлерімен бөлісіп, толғандырған сұрақтарын қойып, әрбір қойылған сұраққа толыққанды жауаптар алды.
Ө.Әзімханов,
Алтынкөл стансасы желілік полиция бөлімінің әкімшілік
полиция тобының
аға инспекторы.