Бүгін Ақсу ауданы І.Жансүгіров ауылында «Сервистік әкімдік» жобасы ашылды

07.05.2020ж

Ақсу ауданында 28 мемлекеттік орган 99 мемлекеттік қызмет көрсетеді.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау шеңберінде ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында «Open space» қағидаты бойынша сервистік әкімдік ашылды.

Ауданның 6 мемлекеттік мекемесі қызмет көрсетеді. Әкімдікте жалпы 49 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсету залында келушілерге қолайлы жағдай жасалған, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға да жағдай қарастырылған. «Сервистік әкімдік»кеңсесінде сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға, аудандағы азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында «Жетісу- адалдық алаңы» кеңсесі жұмыс істейді. Бұл жобалық кеңседе жергілікті атқарушы органдар мен бөлім қызметкерлерінің қызметі ұйымдастырылатын болады.