ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ БАСТЫ БАЙЛЫҚ
- Толығырақ
- Жарияланды 25.11.2019 08:18
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1403
15.11.2019ж
Бүгінде еліміздің басты байлығы-халықтардың бірлігі. Осы баға жетпес байлықтың арқасында елімізде ынтымақтастық, тыныштық пен тұрақтылық қалыптасқан.
Бұл маңызды негіздер Қазақстанның дамуына жол ашып келеді. Еліміздің дамуы халықтың жағдайының жақсаруына тікелей байланысты.
-«Басқа Орта Азия көрші елдерінің тұрмыс ахуалымен салыстырғанда біздің жағдайымыз біршама жақсы болғаны бәрімізге белгілі.
Осындай керемет мемлекетте өмір сүруді нәсіп еткен Жаратушы иемізге шүкіршілік келтіру біз үшін басты міндет»,-дейді өзбек ұлтының өкілі Ш.Пулатов.
Халықтар бірлігін қамтамасыз етуге Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен үлес қосты, барша ұлттардың бастарын қосып, оны бір халыққа айналдырды. Сабақтастық негізінде жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында осы байлықты сақтай білуіміз керек деп айтты. Сондықтан барша ұлттардың бастарын бірлікте сақтау үшін, келесі қадамымыз мемлекеттік тілді ұлтаралық тіл ретінде қолдануды қадағалады.
Біз жастарға өсиет етіп, бірлікті сақтай білуіміз керек деп әрқашан айтып келеміз. Ал егер мемлекеттік тілді ел өмірінде қолдануға мүмкіндік берсек, сонда алдымызға қойылған мақсаттарға міндетті түрде жететін боламыз.
Б.ТЛЕУХАН.