Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі
- Толығырақ
- Жарияланды 20.09.2019 08:51
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1290
20.09.2019ж
«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеудің негізі» - атты Жолдауы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын одан әрі арттырып, мемлекетімізді дамудың жаңа белесіне шығаруға арналып отырғаны анық.
Президент Жолдауын еліміздің алдағы кезеңдегі мақсаттары мен бағыт бағдарын айқындайтын басты құжат деп білеміз.
«Білім күні» қарсаңында жарияланған Президент Жолдауы - халықтың жағдайын жақсартып, еліміздің өркендеп, дамуына бағытталған. Бес міндетті алға қойған Жолдау «Заман талабына сай тиімді мемлекет», «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Қарқынды дамыған инклюзивті экономика», «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі», «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты тараулардан тұрады. Жолдаудағы тараулардың атауында тұрғандай, еліміздегі саяси ахуал жайлы, экономиканың қарқынды дамуы, заң талаптарының сақталуы - тиісті ауыр қылмыстардың жазасын қаталдандыру, білім сапасын көтеру, тұрғын үй мәселесі – баспананың қолжетімділігін арттыру сынды маңызы зор мәселелер талқыланды және басты міндеттер айқын айтылды.
Жолдауда көзделген жоспарлар мен міндеттердің жүзеге асырылу барысында халықтың барлық жіктерінде өзіндік нәтижесі байқалуы қажет деп ойлаймын. Сонымен қатар, Жолдаудың айқын міндеттері ертеңгі күнге үміт сыйлап, еліміздің өркендеуіне, дамуына, сенімді болашаққа нық қадам басуға ықпал етеді деген сенімдемін.
М. Тұрлыбеков,
аудандық мәслихаттың
депутаты.