Жаңа Жолдау - жаңа серпін
- Толығырақ
- Жарияланды 13.09.2019 03:45
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1206
13.09.2019ж
Қазақстан жұртшылығы Президенттің алғашқы Жолдауынан үлкен үміттер күтіп, тағатсыздана тосты.
Қазақстан, Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған 5 институционалды реформамен Ұлт жоспарын толыққанды жүзеге асыру Қазақстанның болашақтағы ұстанымы болып қала беретінін Президент атап көрсетті. Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл біздің ұстанатын басты қағидатымыз. Негізсіз, жүйесіз саяси ырықтандыру елдің ішкі саяси ахуалының тұрақсыздығына, тіпті мемлекеттіліктен айырылуға әкеліп соғатынын әлем елдерінің тәжірибесінен көріп отырмыз. Сондықтан саяси реформалар кезең-кезеңмен жан-жақты ойластырылып, асығыстыққа салынбай жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Президенті митингтер туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Конституцияға сәйкес, азаматтар өз ойын еркін білдіру құқығына ие. Бейбіт акциялар мен митингтер заң мен азаматтардың тыныштығын бұзбайтын болса, қолдау білдіріп, заңда көрсетілген тәртіп бойынша өткізуге рұқсат берілу керек. Ол үшін арнайы орын бөлу қажет, - деді мемлекет басшысы.
Президент «Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт» ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулықпен, дінаралық түсіністікті қалыптастыра беретінін, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келгенін Жолдауда көрсетті.
Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылуы қажет. Біз заңнамамызды ізгілендіру ісіне көбірек мән беріп, азаматтардың негізгі құқықтарын назардан тыс қалдырдық.
«Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, браконерлік және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет. Бұл мәселені шешуді Парламентке және Үкіметке тапсырды. Сондай-ақ, азаматтардың құқығын қорғауға баса назар аударуды, сот жүйесі мен құқық қорғау жүйесін терең реформалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүйелі түрде жүргізу қажеттігіне тоқталды. Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы 3 жылда 173 миллиард теңге бөлінеді.
Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап барады. Ауылдық жерлерде педагог кадрлардың тапшылығы бар. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту үшін келесі жылдан бастап 20 млрд теңге бөлуді тапсыратынын мәлімдеді.
Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғарғы оқу орнына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды.
Үкіметке аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін, Дарынды балалардың қабілеттерін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен педагогтардың тамыз кеңесіне қатысып ұстаздардың жалақысы 4 жылда 2 есеге өсетінін мәлімдеген. Жолдауда 2020 жылдан мұғалімдер жалақысы 25 пайызға көтерілетінін айтты.
«Ана мен сәби өліміне қатысты көрсеткіштердің өңірлік теңгерімсіздігі айқын көрінеді. Бұл көрсеткіш төмендеп келеді, бірақ әлі де жоғары. Мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды. Оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллион теңге бөлінеді». Үшжылдық бюджет аясында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосымша 2,3 триллион теңге бөлінеді. Жұртшылықты толғандырып жүрген жер мәселесіне арнайы тоқталып жер шетелдіктерге сатылмайтынын, оған жол берілмейтінін, бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керектігін ескертті.
Жыл соңына дейін үкіметке жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін, тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырды.
Микро және шағын бизнес компанияларын табысқа салынатын салықтан 3 жылға босату туралы үкіметке заңды негіз құруды тапсырды.
Мемлекет басшысының алғашқы Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік жаңғыруының жаңа кезеңінің басталғандығының айқын көрінісі. Жолдауда көрсетілгеніндей, заманауи тиімді мемлекет құру үшін барлығымыздың азаматтық жауапкершілігімізді арттырып, ел игілігі үшін бірлесе еңбек етуіміз керек.
М.Әжібеков,
аудандық мәслихат депутаты,
мәслихаттағы «Nur Otan»
фракциясының жетекшісі.