Білім – Өркениеттің негізі

02.11.2018 жыл

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауында тапсырылған міндеттер мен алда атқарылатын жұмыстардың барлығы халықтың әл ауқатын өсіруге бағытталып, білім, ғылым, денсаулық  сақтау салаларына қатысты келелі ойлар айтылды. 

 

                «Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн.    Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады» деп атап өтті Елбасымыз. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі деп жоспарлады.

                Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу керек екендігін, бұл оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретіндігін тағы бір рет атап өтті.

                Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

                Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған  өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша қаражат қарастыруды тапсырды. Келесі жылы «Педагог мәртебесі» туралы заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын», – деді Елбасы өз Жолдауында. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен  тыс функциялардан арашалауға тиіс екендігін атап айтты.

                Елбасының дәстүрлі Жолдауы әсіресе, «Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылданатыны мектеп ұжымына тың серпіліс бергенін, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жасалған барлық қамқорлықты пайдалана отырып, алдағы уақытта зор құлшыныспен жұмыс жасайтынымыз  айқын.

                Жолдаудың ел арасына кеңінен насихатталуына  және  оның орындалуына біздер, педагогтар бар күш жігерімізді аямай еңбек етуіміз керек екенін баса айтқым келеді.       

                Біз  Жолдауды қолдай отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруге зор құлшыныспен жұмыс жасаймыз

Р.Тазабекова,

Ы.Алтынсарин атындағы

орта мектептің директоры.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4122226