Жетісу облысы әкімі жүлдесі үшін БАҚ өкілдері арасында алғашқы байқау жарияланды

2022-12-01


«Бұл байқау Жетісу облысы жаңадан құрылғалы бері алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұдан бұрын байқау Алматы облысында «Самғау» атауымен өткізілген болатын. Тілшілер қауымына арналған шығармашылық байқау ережелерімен өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстың қоғамдық даму басқармасының «Коммуникациялық практика және әлеуметтік желілер мониторингі» бөлімінің басшысы Мақсат Батырбеков таныстырды.

 

«Бұл байқау Жетісу облысының дамуын ақпараттық қолдауға бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара. Байқаудың басты мақсаты - Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын көрсету, аймақтың тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, сондай-ақ сапалы бұқаралық ақпарат құралдарын насихаттау және дамыту, жалпы қоғамда бәсекеге қабілетті интеллектуалды журналистиканың қалыптасуына ықпал ету. Байқау өткізудегі міндеттің бірі облыстағы журналистика қоғамдастығында жаңа перспективалы есімдерді анықтау.

Облыс әкімі жүлдесі үшін байқауына жеке ізденушілер  – аймақтық және орталық БАҚ-та, облыстық, қалалық, аудандық мерзімді басылымдар мен телерадиокомпанияларда жұмыс істейтін журналистер, жазылушы аудиториясы кемінде 5К/50К болатын блогерлер, қоғамдастық әкімшіліктері қатысуларына мүмкіндік бар», - дейді спикер. 

 Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. «Үздік баспа материалы» (ақпараттық мақала, очерк, эссе, сараптамалық шолу, репортаж, сұхбат);

2. «Үздік теледидар материалы» (жаңалық сюжет, телеочерк, сараптамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, деректі фильм);

3. «Үздік оператор» (бейнематериал) (аймақтық БАҚ қызметкерлері үшін);

4. «Үздік фотосурет» (аймақтық БАҚ қызметкерлері үшін);

5. «Үздік интернет БАҚ-тағы материал» (ақпараттық мақала, очерк, эссе, сараптамалық шолу, репортаж, сұхбат); 

6. «Үздік блогер» (әлеуметтік желілердегі блогерлер)

7. «Ардагер журналист» (өңірлік БАҚ-ты дамытуға қосқан үлесі үшін);

8. «Бейсен Құранбек атындағы кәсіби шеберлік үшін» арнайы номинация.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, үміткерлер тек бір номинацияға ғана  қатыса алады.  Тіркелген баспасөз және электрондық БАҚ-та 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қараша аралығында эфирге шыққан, жарияланған бір материал  ұсынылуы тиіс.

Өтінімдер осы Ереже жарияланған күннен бастап 2022 жылғы 10 желтоқсанға  дейін қабылданады. Байқау жұмыстарының тілі – қазақ, орыс; Конкурстық материалдар келесі мекенжай: Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, №28-үй, Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы  мекенжайында немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.   электрондық поштасы бойынша қабылданады.

«Бұл байқаудың бұрыңғы байқаулардан ерекшелігі номинациялар тек журналисттердің еңбектері ғана бағаланады.  Мысалы «Үздік журналист емес», «Үздік баспа материалы немесе үздік теледидар материалы» деген сияқты нақты бір еңбек ұсынылады.

Қазылар алқасы үшін байқауға қатысушы журналисттердің аты-жөні жасырын болады. Қазылар алқасына тек нақты материалдарды ғана көрсетеміз. Бұл байқаудың әділетті өткізілуі үшін жасалған қадамдар», - дейді Мақсат Мейрамбекұлы.

Байқау қорытындысы мен марапаттау салтанаты Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткізіледі.