Жастар – елдің ертеңі

Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты.

 

Осы тұста жастардың жігерін жанып, жарқын болашағыныңғ алғашқы ірге тасын қалауға керекті ақыл кеңестерін айту үшін Текелі қалалық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Торғай Сұлтан Айдарұлы "Ел ертеңі - білімді жастар" тақырыбында тікелей эфирге шығып, Текелі қаласының жастарымен тілдесті.

   Эфирде жастарды жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдар беру, волонтерлік қозғалысты дамыту бойынша жүзеге асып жатқан жобаларды айтып өтті. Және де “Дипломмен – ауылға”, “Жасыл ел”,”Жастар тәжірибесі”, ”Жастар Отанға!” мемлекеттік бағдарламалары арқылы Текелі қаласында жұмыс істеп жүрген жастар жайлы ақпарат берді.

  Онлайн эфир барысында Текелі қаласында пандемия кезінде ерікті жастардың «Біз біргеміз» акциясы аясында жүзеге асырған қайырымдылық іс-шаралары жайлы айтып өтіп, биылғы жылы қолға алынатын жобаларымен бөлісті.

 Жастар - қозғаушы күш. Жастар – елдің ертеңі. Олардың жасампаздыққа ұмтылысы, білім шыңына өрмелеп, елге қосар үлесі – жарқын болашақ кепілі. Ел болашағы жолында бірге қызмет етейік!