БОЛАШАҚ ЖАСТАРҒА 100 ТІЛЕК

15.02.2019ж

Ауданымызда жуырда Жастар жылының ашылуы болып өткен болатын. Осыған орай өңірімізде    «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Болашақ жастарымызға 100 тілек» атты арнайы кітап таныстырылды.

      Аталған кітапқа жетістіктерімен көзге түсіп, озық білімдерімен ортасынан оза шапқан кез келген жас өзінің арман тілегін, болашаққа қойған жоспарларын жазып қалдыра алады. Бұл кітаптың шығарылуының басты мақсаты – өсіп келе жатқан бүгінгі жастардың арман тілегімен танысып, тың идеяларының орындалу   қарқынымен  танысу.